jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде аяздың беті қашан қайтады: синоптиктер болжам жасады

Көшеде кетіп бара жатқан қыз
Қыс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 14-16 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар аяздың беті қайта бастайды.

Болжам бойынша Қазақстанның шығысына арктикалық антициклон әсер етіп, осыған байланысты мұнда төмен температура және аяз сақталады.

15-16 желтоқсанда республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады деп күтілуде.

Синоптиктер еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, аздаған боран соғады деп болжады. Сондай-ақ таулы аймақтарда тұман түсіп, республиканың батысында шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Елімізде түнде ауа температурасы ақырындап көтеріледі деп болжанып отыр. Ауа температурасы:

  • батыста -5...-15 градус;
  • солтүстік-батыс пен орталықта -10...-25 градус;
  • солтүстікте -17...-28 градус;
  • оңтүстікте -5...-18 градус;
  • оңтүстік-шығыста -10...-25 градус болады.

Десе де мамандар алдағы күндері Қазақстанның шығысында -30...-40 градус аяз сақталатынын ескертті.

Елімізде аяздың беті қашан қайтады: синоптиктер болжам жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.