Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана тұрғыны интим суреттері тарап кетпеуі үшін бопсалаушыларға 38 миллион теңге берген

Опубликовано:

Ақша мен кісен
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада бірнеше жыл бойы тұрғынды қорқытып, 38 млн теңгеге жуық қаржыны иемденген бопсалаушылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

31 және 46 жастағы екі ер адам бірнеше жыл бойы астаналықтан ақшаны қорқытып алған. Олар психологиялық қысым көрсету арқылы, интим сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытып, 2019 жылдан бастап ер адамды бопсалаған.

Бірнеше жыл ішінде астаналық азамат бопсалаушыларға жалпы сомасы 38 млн теңгеге жуық ақша берген. Күдіктілердің бірінің талабын орындау үшін жәбірленуші өзінің Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін ломбардқа тапсырып, 10 млн теңге берген.

46 жастағы күдіктінің кезекті бопсалау фактісінен кейін ер адам биылғы қарашада полицияға жүгінген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар екі ер адамды ұстады және қамауға алды. Күдіктілердің бірі Алматы қаласында ұсталды. Жеке тексеру барысында одан есірткі заты оралған түйіншек тәркіленді. Ұсталған адамның бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды", - делінген полиция хабарында.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Астана қаласының полиция департаменті заңнамаға сәйкес ірі және аса ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында жасалған қорқытып алу 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеді", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050629-astana-turgyny-intim-suretterin-taratamyn-degen-bopsalausylarga-38-million-tenge-bergen/