Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана мен Алматыда мереке күндері қандай шаралар өтеді

Опубликовано:

Тәуелсіздік монументі
Тәуелсіздік монументі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мегаполистердің әкімдіктері қалаларда қандай мерекелік шаралар өтетінін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астанада, әкімдік сайтындағы мәлімет бойынша, Тәуелсіздік күніне орай түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтеді:

  • 13-15 желтоқсанда "Жансая" орталығында патриоттық әндер, өлеңдер, суреттер байқауы өтеді.
  • 14-16 желтоқсанда "Барыс-Аренада" жүзуден ASTANA OPEN ашық республикалық турнир өтеді.
  • 14 желтоқсан күні сағат 11.00-де "АЛЖИР" мұражай-мемориалдық кешені "Тәуелсіздік – тұғырым" тақырыбында іс-шара ұйымдастырады.
  • 15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Астана мемлекеттік архивінде "Тәуелсіздік жолында" архивтік құжаттарының көрмесі өтеді.
  • Сонымен қатар, "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт көрсетіледі.
  • 15 қазан күні сағат 10.00-де "Арғымақ" ат-сауықтыру кешенінде ат спортынан жарыстар өтеді.
  • 15 желтоқсан күні сағат 12.00-де "Астана" СК-да мүкіс спортшылар арасында шағын футболдан Астана қаласының Ашық Кубогы өтеді.
  • 15 желтоқсанда Beeline Arena спорт кешенінде алғаш рет "ІВА Чемпиондар түні" — Astana Arlans бокстан турнир өтеді.
  • 15-20 желтоқсан аралығында ұлдар мен қыздар арасында қол добынан Астана Кубогы және ұлдар арасында гандболдан ашық турнир басталады.
  • 16 желтоқсан күні сағат 14.00-де қуыршақ театры көрермендерге С.Жүнісовтің "Атамекен" спектаклін ұсынады.
  • Сол күні сағат 18.00-де.М. Горький сахнасында "Әлия" спектакль-драмасы өтеді.
  • 16-17 желтоқсанда садақ атудан Астана кубогы өтеді.
  • 17 желтоқсанда Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Көктал 2, Баршын көшесі, 30/2 ) Спартакиада өтеді.

Еске салайық, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елордада "10 игі іс" ұранымен әлеуметтік қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Ал оңтүстік астанаға келер болсақ, Алматыда әкімдіктің Telegram-арнасы мынадай шаралар өтетінін хабарлады:

  • 15 желтоқсанда сағат 11.00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу ұйымдастырылады.
  • Бұл күні сағат 15.00-де Қонаев мұражайында "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі" атты фотокөрме өтеді.
  • Сағат 15.00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында "Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
  • Сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
  • 16-18 желтоқсан аралығында пауэрлифтинг пен стендтік пресс бойынша қала чемпионаты өтеді.
  • 18 желтоқсанда сағат 15.00-де Alatau Creative Hub-та "Тәуелсіз елдің ұрпағы" зияткерлік ойыны өтеді.

Айта кетейік, биыл Тәуелсіздіктің 32 жылдығы атап өтіледі. Бұған дейін қазақстандықтар алдағы мерекеде қанша күн демалатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050701-astana-men-almatyda-mereke-kunderi-qandai-saralar-otedi/

pixel