Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңажылдық" схема: алаяқтар алдап-арбаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Опубликовано:

Шыршаға ілінген ойыншықтар
Шыршаға ілінген ойыншықтар. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда алаяқтар Жаңа жыл қарсаңында алдап-арбаудың жаңа әдісін ойлап тапты. Полицейлер тұрғындарды қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД Instagram парақшадағы ақпаратқа сәйкес, алаяқтар өңір тұрғындарына жаңажылдық тауарларды нарықтан төмен жеңілдікпен ұсынып, сенгіш азаматтарды тұзағына тартады.

Алаяқтар көбіне адамдарға төмен бағамен әсем шыршаларды ұсынады. Бірақ шынтуайтында алаяқтардың қолында ешқандай шырша жоқ.

Мәселен, ведомство мәліметі бойынша, Ақтөбе полиция басқармасына 46 жастағы тұрғын белгісіз адамға 63 мың теңге мөлшерінде ақша аударып, қаражатынан айырылғаны туралы өтінішпен жүгінген.

"Жүргізілген іс-шаралар барысында жәбірленуші Instagram желісінде жаңажылдық шырша сатылатыны туралы жарнаманы көрген. Жалған сатушы ақтөбелікке 63 мың теңге тұратын 2,5 метрлік жасанды шырша сатып алуды ұсынып, үлкен жеңілдік жасалатынын әрі тегін жеткізілетінін айтқан. Сатушы тауарды сатып алу үшін міндетті түрде толық ақысын алдын-ала төлеуді талап еткенімен, жәбірленуші күмәнданбаған.

"Әйел мобильді ұсыныстың көмегімен ақшаны көрсетілген банк деректемелеріне аударған. Алайда осы уақытқа дейін шырша жіберілмей, ақша қайтарылмаған соң әрі олардан ешқандай жауап келмегендіктен алданғанын түсінген", - деп жазады ведомство хабарламасында.

WhatsApp мессенджердегі хат
WhatsApp мессенджердегі хат. Фото: instagram.com/polisia_aqtobe

Полицейлердің айтуынша, бұл дерек биыл бірнеше рет қайталанғаны анықталған. Олардың сөзіне сенсек, ПБ-ға әлеуметтік желі арқылы сатып алу кезінде алаяқтарға ұрынып, зардап шеккендерден күн сайын өтініштер келіп түседі.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде, жайтқа қатысты мән-жай анықталып жатыр.

Сондай-ақ Ақтөбе облысы полиция департаменті өкілдері әлеуметтік желі арқылы сатып алу кезінде сатылатын тауардың бағасы нарықтық бағадан кемінде екі есеге төмен болса, бұл алаяқтар екенін айтып, әлеуметтік желі арқылы сатып алу кезінде өте мұқият болуға шақырды.

"Әрқашан компанияның атауын, оның мекенжайын, өндірушісін, сатушысын, өнімнің қауіпсіздік сертификаттары бар-жоғын мұқият тексеріңіз! Өзін-өзі құрметтейтін кез келген өндірушіде немесе сатушыда барлық контактілер, мәліметтер орналастырылған сайттар бар. Қайта қоңырау шалыңыз, тексеріңіз", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050707-zanazyldyq-sxema-alayaqtar-aldap-arbaudyn-tagy-bir-tasilin-oilap-tapty/

pixel