Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 млн теңгеге залал келтірілген: Түркістан облысында ер адам желіде төрт парақша ашып, 10 адамды алдады деп күдіктелуде

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған адам
Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында жиһаз жасаймын деп әлеуметтік желіде 4 жалған парақша ашып, тұрғындарды алдаған жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Ведомство ақпараты бойынша, Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өтінішпен жүгінген. Ер адамның айтуынша, белгісіз адам Instagram желісінде үй жиһазын жасап беретінін айтып, ақшасын заңсыз иемденген.

Келіп түскен шағымға байланысты жедел-іздестіру шараларына Cyberpol тобының тәжірибелі полиция қызметкерлері жұмылдырылған.

Жүргізілген іс-шаралар барысында 20 жастағы Атырау тұрғыны анықталды. Тексерулерді жалғастыру кезінде жас жігіттің студент екені әрі ол әлеуметтік желіде төрт жалған парақша ашып, тұрғындарды алдағаны белгілі болды.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, мақтааралдық тергеушілер студент 10 адамды алдап, 4 миллион теңгеге шығын келтіргенін атап өтті. Жас жігіт Instagram желісінде үй жиһаздарын арзан бағада жасайтынын айтып, жалған жарнамалар таратып, облыс тұрғындарын алдады деген күдікке ілінді.

Күдіктіге сенім білдірген азаматтар жас жігіттің парақшасындағы жиһаздардың суреті арқылы тапсырыс беріп, ақшаны алдын ала онлайн аударған.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті жігіттің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050718-4-mln-tengege-zalal-keltirilgen-turkistan-oblysynda-er-adam-zelide-tort-paraqsa-asyp-turgyndardy-aldady-dep-kudiktelude/

pixel