Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

38 градус аязда униформасын мұз басқан ТЖД қызметкерінің видеосы жарияланды

Опубликовано:

Арнайы киімін мұз басқан ТЖД қызметкері
Арнайы киімін мұз басқан ТЖД қызметкері. Видеодан кадр: instagram.com/aqmola_tjd and kvg_zhivi

Желіде Ақмола облысында ТЖД қызметкерінің униформасын мұз басқаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы ТЖД Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство Instagram парақшасында жариялаған видеодан қолайсыз ауа райы салдарынан өрт сөндірушінің киімін мұз басқанын көруге болады. Ер адам оны тіпті балғамен сындырып, қырып жатқаны түсірілген.

"Ауа температурасының – 35 градусқа, кей жерлерде тіпті – 38 градусқа дейін күрт төмендеуіне қарамастан, ақмолалық өрт сөндірушілер абыроймен қызмет атқаруды жалғастыруда. Аяз басталғалы ақмолалық өрт сөндірушілер 32 тұрғын үй секторы мен 10 автокөлікте 43 өртті сөндірген. Бұл ретте өрттен 2 адам эвакуацияланды", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, тұрғын үй секторындағы өрт шығуының негізгі себептерінің бірі – жылыту пештері мен электр жабдықтарын пайдалану және орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.

Сондай-ақ облыстық ТЖД баспасөз қызметі дерегінше, ауа температурасы төмендегеннен бері көліктерде шыққан өрт саны айтарлықтай жоғарылаған.

ТЖМ өкілдері тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

  • электр желілерін шектен тыс жүктемеу керек;
  • жылыту пештерін қараусыз қалдырмау керек және ұзақ уақыт бойы қыздырмаған жөн;
  • электр жабдықтары мен сымдардың жарамды күйде екеніне көз жеткізу керек;
  • бөлмені немесе көлік ішін жылыту мақсатында қолдан жасалған, ақауы бар жылыту құралдарын қолдануға тыйым салынады;
  • электр техникасы мее газда жұмыс істейтін құрылғыларды қосулы күйде қараусыз қалдырмау қажет;
  • еш уақытта балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050721-38-gradus-ayaz-zelide-ayaz-saldarynan-muz-basqan-uniforma-kigen-tzd-qyzmetkerinin-videosy-paida-boldy-video/

pixel