Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелден мемлекетке қайтарылған қаржы толық игерілді ме: министр жауабы

Опубликовано:

Ақша ұстап отырған ер адам
Ақша ұстап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде жемқорлардан алынған қаржы толық игерілді ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Almaty.tv арнасы хабарлайды.

Телеарна мәліметі бойынша, мемлекетке қайтарылған қаржы мөлшері – 150 млрд теңге. Бұл соманың жартысы Қазақстан өңірлерінде мектеп салуға бөлінген. Арнайы құрылған республикалық комиссия сұранысқа байланысты жемқорлардан алынған қаржыны үлестіріп жатыр. Алайда қаржы тиісті мақсаттарға жұмсалмаған.

"Арнайы шоттан 62 мектепке 90 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. 60 млрд теңгеге жуық қаражат әлі бар", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ қаржы министрі бүгінгі таңға дейін шетелге заңсыз шығарылған активтер мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Жамаубаевтың сөзіне сенсек, Қазақстанда офшорлық аймақтардың тізімі бекітілген. Бір жылдың ішінде шетелге шамамен 200 млн доллар қаржы шығарылып отырады. Бүгінде шетелге заңсыз шығарылған ақша мөлшері – шамамен 45 млрд теңгеге жеткен.

Бұл ретте министр Ұлттық банк жүргізген мониторинг бойынша қаржыны қайтару жұмыстары басталғанын айтты.

"Капиталды заңсыз иемденген немесе сыртқа шығаруға қатысты кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Соның аясындағы трансферттік баға белгілеуді бақылап отырмыз. Заң аясында қосымша делдалдардың пайда болуына шектеу қоямыз", – деп атап өтті Қаржы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050724-setelden-memleketke-qaitarylgan-qarzy-tolyq-igerildi-me-ministr-zauaby/

pixel