Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мыңнан аса адам құтқарылды": ел тасжолдарында не болып жатыр (видео)

Опубликовано:

Шығыс Қазақстандағы жол
Шығыс Қазақстандағы жол. Фото: polisia.kz

Қазақстандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері жабылған трассалардағы жағдайды баяндады. ІІМ ақпараттық медиа-порталы Telegram-арнасында тасжолдағы қолайсыз жағдай туралы видеолар жариялады.

10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, кейбір өңірлерде экстремалды жағдайлар байқалғаны айтылады.

"Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін трассаларда полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет етуде. Кейбір аймақтардың жолдарындағы патрульдік экипаждар саны 2-3 есеге көбейтілді. "ҚазАвтоЖол" мен полицияның ескертулеріне қарамастан кейбір жүргізушілер трассаларға шығып кетіп, тек полицейлердің көмегімен ғана қайғылы оқиғалардың алдын алатын жағдайларға тап болып жатқаны да кездесуде", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 12 облыста халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскелері жабылған. Барлығы 100 учаскеден асады. Жұмыс істеп жатқан жылыту пунктерінің саны - 500.

"Жолдарда суықта тоңған 1012 адам құтқарылды. Оның ішінде 25 бала. 1100 жүргізушілерге көмек көрсетілді", - делінген полиция хабарында.

Барлық экипаждарда арнайы дәрі-дәрмек қобдишасы бар. Олардың барлығы алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген.

Негізінен сақшылар жолда қалған азаматтардың суыққа тоңған көлік жанармайын жылытуға, бұзылған көлікті жөндеуге, жылыту пункттеріне эвакуациялауға көмектесті және тізбектелген автокөліктерді алып жүрді.

"Біздің бейнешолуымыз осы күндері еліміздің жолдарында орын алып жатқан жағдайларды ұсынады. Көптеген жүргізушілер мен жолаушылар полицейлерге өз ризашылықтарын білдіріп, олардың ескертулерін тыңдауға кеңес берді. Осы уақытта жабық трассаларда не болып жатқанын қараңыз", - дейді полицейлер.

Сондай-ақ ауа райының күрт өзгеріп, жел тұрып, көктайғақ болуына байланысты полиция қызметкерлері Қазақстан тұрғындары мен қонақтарын аса қажеттілік болмаған жағдайда алыс сапарға шықпауға шақырған.

"Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өзіңіз бен өзгенің өміріне қауіп төндіруі ықтимал іс-әрекеттерден сақтану сұралады", - дейді тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050741-mynnan-asa-adam-qutqaryldy-el-taszoldarynda-ne-bolyp-zatyr/

pixel