Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айрықша цинизммен ерекшеленетін ұятсыз әрекеттер": министрлік үндеу жасады

Опубликовано:

Қару тексеріп жатқан полицей
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кейінгі уақытта ІІМ вандализм, бұзақылық, бөтеннің мүлкін бұзу актілері жиілегенін әрі олар көшелер мен қоғамдық орындарда ерекше өрескел түрде жасалатынын айтты. Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарды заңды бұзбауға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

"Қоғамға деген құрметсіздікті білдіретін, бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не айрықша цинизммен ерекшеленетін ұятсыз әрекеттер жасаумен ұштасатын қоғамдық тәртіпті аса өрескел бұзу Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын және 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейтінін еске саламын", - делінген үндеуде.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл деректерді ішкі істер органдары назарға алып, қылмыстық істерді тіркеу мен сотқа дейінгі тергеуді жүргізуін қамтамасыз етеді.

Мысалы, биыл аталған бап бойынша шамамен 1,5 мың қылмыстық іс тіркелген. Кінәлі адамдар заңда бекітілген жауапкершілікке тартылған.

"Қылмыстық және әкімшілік заңнамамен бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны және бұзғаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Салдарынан елеулі залал келтірілген бөтеннің мүлкі жойылған немесе бүлінген жағдайда (шығын сомасы айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есеге асатын болса) кінәлі адамдар Қылмыстық кодекстің 202-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылыққа тартылады, сондай-ақ оларды тіпті 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған", - деп жазылған ведомство баспасөз қызметі хабарламасында.

Аталған әрекеттерде Қылмыстық кодекс бойынша жазаланатын іс-әрекеттердің белгілері болмаған жағдайда кінәлі адамдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады, бұл бап бойынша адам 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады, ал қылмыс қайталанса, 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

2023 жылы бұл бап бойынша 1700 астам әкімшілік іс қозғалды, 193 адам түрлі мерзімге әкімшілік қамауға алынған.

"Сондықтан азаматтарды заңды және тәртіпті сақтауға шақырамыз, вандалимзнің, бұзақылықтың, бөтеннің мүлкін бұзудың барлық деректері туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", – деді ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050745-airyqsa-cinizmmen-erekselenetin-uyatsyz-areketter-ministrlik-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel