jitsu gif branding logo appbranding logo app

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды

Қағаз ақша мен тиындар
Қағаз ақша мен тиындар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда 540,8 мыңнан астам отбасы мемлекеттік жәрдемақы алған. Төленген жәрдемақы мөлшері 55 304 теңгеден 138 000 теңге аралығында құбылған, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында.

Министрлік ақпараты бойынша, жыл басынан бері орта есеппен 540,8 мың көпбалалы отбасыға жалпы сомасы 376,6 млрд теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы берілді. Оның ішінде қарашада 557,3 мың отбасыға 37,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар да үміткер бола алады. Аталған жәрдемақыны алуға қатысу үшін үміткердің табысына баса мән берілмейді.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп, мынадай жағдайда төленеді:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (55 304 теңге);
  • 5 балаға – 20,04 АЕК (69 138 теңге);
  • 6 балаға – 24,05 АЕК (82 973 теңге);
  • 7 балаға – 28,06 АЕК (96 807 теңге);
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК (13 800 теңге) мөлшерінде беріледі.

Еске салайық, Қазақстанда көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылы 1 қаңтардан бастап арнайы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

Сондай-ақ министрлік өкілдері биыл 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5 пайызға артқанын атап өтті.

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.