Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жасар бала көз жұмды

Опубликовано:

сөмке ұстаған оқушы
Мектеп оқушысы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 14 желтоқсанда Ақтөбедегі мектептердің бірінде қайғылы оқиға болды. 7-сынып оқушысы үстелдің бұрышына соғылып, қайтыс тапқан. Бұл туралы "Диапазон" басылымы облыстық денсаулық сақтау басқармасы сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, 14 желтоқсанда Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы көз жұмған.

"Ол сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырықтан кіре бергенде, басымен бе, әлде жұтқыншағымен бе үстелдің бұрышына соғылған. Бұл бізді де есеңгіреткен жағдай болды. Ата-анасына көңіл айтамын, сөз таба алмай тұрмын", - деді оқушылардың бірінің анасы.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"13 жасар бала мектепте құлап, үстелдің бұрышына соғылды. Клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізілді. Тексерген кезде баланың ұйқы артериясында пульсация болмады, қан қысымы көрсетілмеді және ол есінен танған. Баланың иек тұсы сырылған. Бірден реанимациялық шаралар басталды. Бірақ дәрігерлер сағат 11.25-те биологиялық өлімді тіркеді" , - деді Рүстем Исаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050858-aqtobedegi-mektepterdin-birinde-13-zasar-bala-koz-zumdy/

pixel