Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында ветеринарлық кадрларды оқыту және аграрлық саланы қаржыландыру күшейтіледі

Опубликовано:

"Ауыл" партиясының өкілі Ұлытау облысының фермерлерімен сөйлесті
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді жандандыру және фермерлерді қолдау мақсатында "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков Ұлытау облысына іс-сапармен келді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ұлытау облысында ветеринарлық кадрларды даярлау және ауыл шаруашылық жобаларды несиелеу мен қаржыландыру жұмыстары күшейтіледі. Бұл туралы “Ауыл” халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков өңірге жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

Кездесу шеңберінде облыс деңгейіндегі агро және мал шаруашылығы саласындағы өзекті тақырыптар талқыланып, фермерлердің көкейінде жүрген маңызды мәселелер қаралды.

"Ауыл" партиясының өкілі Ұлытау облысының фермерлерімен сөйлесті
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Отырысқа келген жергілікті тұрғындардың айтуынша, Ұлытау облысында ветеринариялық зертханалардың жоқтығы, сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында мамандардың жетіспеушілігі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына кедергі келтіріп отыр.

"Ауыл" партиясының өкілі Ұлытау облысының фермерлерімен сөйлесті
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Мемлекеттік субсидиялар мәселесі де ауыл тұрғындары тарапынан ерекше назарға ие болды. Ауыл шаруашылығында қаржылық қолдаудың болмауы және субсидиялардың уақытылы түспеуі аграрлық саланың сапасына және отандық агроөнеркәсіп кешенінің жалпы көрінісіне теріс әсер етеді. Аталмыш мәселе аймақтарда қатты сезілетінін сарапшылар атап өтті.

"Ауыл" партиясының өкілі Ұлытау облысының фермерлерімен сөйлесті
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

“Ауыл шаруашылығы бойынша субсидиялаудың болмауы немесе төлемдердің кешігуі аграрлық шаруашылықтың дамуын баяулатады. Себебі шаруашылық қожайындары ірі қара мен ұсақ малға жем-шөп, сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмек сатып алуы үшін қомақты қаражат керек. Бұл мәселелердің барлығы қаржыландыруға тіреледі. Одан бөлек, малға диагноз қою мүмкіндігі шектеліп, ауруларды анықтау қиынға соғады”, - деді кездесуге келген сарапшылар.

"Ауыл" партиясының өкілі Ұлытау облысының фермерлерімен сөйлесті
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Жоғарыда аталып өткен мәселелердің барлығы тек қана Ұлытау өңірінде емес, республикамыздың барлық аймағында кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050885-ulytau-oblysynda-veterinarlyq-kadrlardy-oqytu-zane-agrarlyq-salany-qarzylandyru-kuseitiledi/

pixel