Мереке күндері елімізде күн жылына ма: синоптиктер болжамы
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер 15-20 желтоқсан аралығында еліміздің бірқатар өңірінде күн жылы болады деп болжады. Дегенмен кей облыстарда аяз сақталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сипоптиктердің болжамынша, 15-20 желтоқсан аралығында БҚО, Атырау облыстарында түнде ауа температурасы -7...-15 градустан -4...-9 градусқа дейінгі аралықта болады, күндіз -3...-8 градустан 0...-5 градусқа дейінгі аралықты көрсетеді. 20 желтоқсанда ауа температурасы -2...+3 градусқа дейін көтеріледі.
Мереке күндері Маңғыстау облысында түнде ауа температурасы 7-12 градустан -5 градусқа дейін, күндіз 0...-8 градустан +1...+6 градусқа дейін өзгереді. Ақтөбе облысында түнде ауа температурасы - 12...-23- градустан -5...-15 градусқа дейін өзгерсе, күндіз термометр бағаны - 7...-15 градустан -5 градусқа дейінгі аралықты көрсетеді.
Синоптиктер Қостанай облысында да мереке күндері күн жылы болады деп болжады. Түнде максимум -25 градусқа дейін төмендеп, -7 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз ауа температурасы -7...-17 градустан 0...-8 градусқа дейінгі аралықта болады.
15-20 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында ауа температурасы түнде -17...-27 градустан 0...-8 градусқа дейінгі аралықты көрсетіп, күндіз термометр бағаны -10...-17 градустан 0...-5-ке дейін біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.
Ұлытау, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы -15...-25 градустан 5...-15 градусқа дейін, күндіз -5...-15 градустан -3...+2 градусқа дейін өзгереді.
15-17 желтоқсан аралығында Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасы -28...-39 градусты көрсетсе, күндіз -17...-25 градус аяз болады деп күтілуде. 18 желтоқсаннан бастап өңірлерде түнде -17...-25 градустан -2...-10 градуысқа дейін, күндіз -10...-18 градустан 0...-7 градусқа дейін біртіндеп жылынады.
Қызылорда облысында түнде -7...-15 градустан 0...-5 градусқа дейін аяз, күндіз -2...-10 градустан 0...-5 градусқа дейін аяз болуы ықтимал. Түркістан облысында түнде ауа температурасы -3...-18 градустан 0...-8 градусқа дейін өзгерсе, күндіз ауа температурасы -1...-6 градус аяз болады деп болжанды.
Жамбыл, Алматы облыстары мен Жетісу облысында түнде ауа температурасы біртіндеп -15...-20 градусқа дейін жетеді.
Синоптиктер желтоқсан айындағы ауа райы болжамына сәйкес Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады деп болжады. Мәселен, солтүстік жартысында қар жауса, кей уақытта қатты боран болады. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын қарға ұласады.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-28 м/с-қа дейін жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050887-mereke-kunderi-elimizde-kun-zylyna-ma-sinoptikter-bolzamy/