Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 5 өңіріндегі бірқатар автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: ТЖМ

Температураның төмендеуі, көктайғақ пен боранның байланысты ТЖМ бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Сондай-ақ бірқатар республикалық және облыстық маңызы бар аватожол жабылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты 5 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Сондай-ақ 5 өңірде дизель отынымен жүк және жолаушылар көлігі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

"Ең күрделі жағдайлар Жамбыл және Түркістан облыстарындағы автожолдарда болды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, полиция, Қазавтожол, шекара жасағының күштері жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары қатты жел, ештеңе көрінбеу және 1 метрге дейін қардың қалыңдығымен қиындады", - делінген хабарламада.

Ведомстводағылар Түркістан облысында "Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент" республикалық маңызы бар автожолында 3 бекет қойылғанын атап өтті.. Жүріс бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Шымкент-Тараз бағыты бойынша Шұқырбұлақ елдімекенінің ауданында қар құрсауында 200-ге жуық фура бар.

"327 адам, оның ішінде 45 бала құтқарылды.Түлкібас ауданы Рысқұлов, Шүкірбұлақ және Шақпақата ауылдарында 3 жылыту пункті дайындалды. Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" республикалық маңызы бар автожол учаскесінде жол қызметтері жолды қар шөгінділерінен тазарту жұмыстарын жүргізуде", - деп хабарлады ТЖМ-нан.

Қордай ауданында Қайнар және Кенен ауылдарының жылыту пункттеріне жеткізілген 165 адам құтқарылды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

ТЖМ дауылдық ескерту кезеңінде алыс сапарларға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050903-qazaqstannyn-5-onirindegi-birqatar-avtozolda-koliktin-barlyq-turi-usin-qozgalys-zabyldy/

pixel