Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада қатты жел салдарынан ғимараттардың шатыры ұшып кетті

Опубликовано:

Қызылорда
Қызылордада ғимарат шатырын жел ұшырып әкетті. Скриншот: 24.kz

Қызылорда қаласында жел күшейіп, бірнеше ғимарат пен тұрғын үйдің қасбеті мен шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Қызылорда қаласындағы Жеңіс көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің қаңылтыр қаптамасы түні бойы екпіні басылмаған желге шыдамай, құлап түсті. Зардап шеккендер жоқ. Бұл тұрғын үй үш жыл бұрын қайта жаңғыртудан өткен.

Қала әкімдігі өкілінің айтуынша, жел басылғаннан кейін ғимараттар қайта қалпына келтіріледі. Бүгін Қызылорда облысында желдің ұйытқуы секундына 28 метрге дейін жетті.

"Нақты қазіргі таңда біздің есебіміз бойынша 5 ғимараттың сыртқы қасбеттерінің кейбір жерлерінде ақау пайда болды. Енді екі ғимараттың осы жазда қапталған қасбеттерін де жел жұлып әкеткен. Оны қалпына келтіріп қойды. Бір ғимараттың шатыры ұшқан. Ол - Қызылжармадағы әскери бөлім ғимараты. Оны өз есебінен жөндейді", - деді қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050906-qyzylordada-qatty-zel-saldarynan-gimarattardyn-satyry-usyp-ketti/

pixel