Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұздықтар арасында жылу желілерінің температурасы төмендейтіні туралы фейк ақпарат тарап жатыр

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Екібастұзда "жылумен қамту параметрлері төмендейтіні" туралы жалған ақпарат тарап жатыр. "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды компанияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-ның Instagram парақшасындағы мәліметте екібастұздықтар мессенджерлерде және әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның дауыстық хабарламасын жіберіп жатқаны айтылған. Аталған хабарламада ер адам жөндеу жұмыстарына байланысты жылу беру параметрлері төмендеуі мүмкін екенін ескертеді.

Дауыстық хабарлама авторы бұл ақпаратты жақын туысы өзінің басшыларынан білгенін айтып, көршілеріне "жағдай ушыға түсетінін" ескерткен. Алайда бұл ақпарат жалған.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Екібастұзға еш қатысы жоқ!

Екібастұз қаласындағы жылу желісінің температурасы мен гидравликалық жағдайы белгіленген параметрлерге сай екенін хабарлаймыз. Станция жабдықтары мен жылу желілері қалыпты жұмыс істеп тұр.

Тек шынайы ақпаратқа сенуге әрі жалған хабарлама таратпауға шақырамыз", - делінген "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС хабарламасында.

Еске салайық, 11 желтоқсанда Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымдалғаны анықталған еді. Салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінің багерлік сорғысы су астында қалған. Кейін Энергетика министрлігі бұл жайтқа және елдегі өзге өңірлердің коммуналдық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

Павлодар облысы әкімі Асайын Байқанов Екібастұз ЖЭО-да су жылыту қазандықтарының жұмысын қатты отынға ауыстыру жұмысы басталғанын айтқан болатын.

Сондай-ақ 13 желтоқсанда мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мәжіліс отырысында қақаған аязда істен шығып жатқан жылу орталықтары мәселесін көтергені туралы жазған едік. Ол жауапты тұлғаларды жылы кабинеттен шығып, халықтың ортасына баруға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050976-ekibastuzdyqtar-arasynda-zylu-zelilerinin-temperaturasy-tomendeitini-turaly-feik-aqparat-tarap-zatyr/