Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да қақаған аяз салдарынан өзен тасып, бірнеше үйдің ауласын су басты (видео)

Опубликовано:

Өрел ауылында өзен жағажай деңгейінен асып, тасыған
Өрел ауылы. Фото: instagram.com/dildar_kalikan

Шығыс Қазақстан облысында қақаған аязда өзен арнасынан тасып, Өрел ауылындағы бірнеше ауланы су басқан. Оқиға орнына Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан барды, деп хабарлайды YK-news.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Как пишет издание, происшествие случилось в Катон-Карагайском районе. Река в районе села Урыль вышла из берегов по причине резкого понижения температуры воздуха.

Басылымдағы ақпаратқа сай, оқиға Катонқарағай ауданында болған. Ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан Өрел ауылындағы өзен тасып, салдарынан көшелерді су басқан. Одан бөлек су тоғыз аула аумағы мен шаруашылық жайларға жайылыпты. Су үш тұрғын үйдің жертөлесін де кірген.

Оқиға орнына Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан барды. Ол аталған жайтқа қатысты Instagram парақшасында пікір білдірді.

Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдар суды шығару жұмыстарына жүргізуде. Өңірге қажетті техникалар жұмылдырылып, қажетті материалдар дайындалды.

Өзен арнасын тазарту мақсатында арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыс жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051014-sqo-da-qaqagan-ayaz-saldarynan-ozen-tasyp-birnese-uidin-aulasyn-su-basty-video/

pixel