jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Еліміздің ХҚКО-лары Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді

таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды. Осылайша, таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге "Қазақстан" шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті.

Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.

Айта кетейік, қараша айындағы деректерге сәйкес, ең көп алашқы жеке куәлік Түркістан облысында – 550-ге жуық, Алматыда – 480-ден астам және Астанада – 440-қа жуық берілген. Айтпақшы, қазақстандықтар жеке басын куәландыратын бұл құжатты 16 жасында алады.

Азамат куәлік алады
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ

"Елдегі басты мерекелердің бірі қарсаңында біз алғаш рет жеке куәлік алып отырған жас қазақстандықтарды атап өткіміз келді. Құжатпен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды табыс еттік. Бұл жастарды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз", - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Шоколад пен жалаушаларды таратқан ХҚО қызметкерлерінің айтуынша, кәдесый алған жастар таңғалып, қуанып қалыпты. Оларды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері ғана емес, басқа қызметалушылар да құттықтады.

Азамат куәлік алады
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ

Еліміздің ХҚКО-лары Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.