Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде "Жыл таңдауы-2023" жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Опубликовано:

"Жыл таңдауы-2023"
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шараға қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев қатысып, жыл үздіктерін марапаттады.

"Жыл таңдауы-2023" сыйлығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға және жастардың қаланың қоғамдық өміріне қатысуына қосқан үлесі үшін беріледі.

"Жыл таңдауы-2023"
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл әкім сыйлығын алуға үміткерлерден 50-ге жуық өтінім келіп түсті. Өз саласындағы ең табысты жастар арнайы комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы таңдалды.

"Жыл таңдауы-2023"
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жеңімпаздар 12 номинация бойынша анықталды:

  • "Жылдың үздік студенті" аталымы — Игенбердыева Сағыныш Муратбекқызы;
  • "Жылдың үздік волонтері" аталымы — Чукеев Ахмет Ерланұлы;
  • "Жылдың үздік жастар ұйымы" аталымы — "Қаракөз студент жастар театры";
  • "Жылдың жас журналисі" аталымы — Торсықбаев Рүстем Қайратұлы;
  • "Жылдың жас қаһарман" аталымы — Нұртазаев Елдос Нұрдәулетұлы;
  • "Жылдың жас дәрігері" аталымы — Болатов Данияр Нұрбекұлы;
  • "Жылдың жас еңбек адамы" аталымы — Құсайынов Жарқын Шаймұратұлы;
  • "Жылдың жас спортшысы" аталымы — Игимбаева Арайлым Саматқызы;
  • "Жылдың жас дарыны" аталымы — Төребекова Мариям;
  • "Жылдың жас жанұясы" аталымы — "Уайсовтар" жанұясы;
  • "Ауылдың жас маманы" аталымы — Қапезова Аңсаған Сырымқызы;
  • "Жылдың жас ұстазы" аталымы — Шынарбек Шыңғыс Әбілұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051064-semeide-zyl-tandauy-2023-zastar-syilygynyn-zenimpazdaryn-marapattau-rasimi-otti/

pixel