Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттері мереке күндері жұмыс істей ме

Опубликовано:

Шекара
Шекара. Фото: gov.kz

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 16-17 желтоқсанда және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда жұмыс істемейді. Бұл турлы KAZ.NUR.KZ мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті өткізу пункттерінің алдында кезек күтіп қалмау үшін тасымалдаушыларды және Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге ниет білдірген өзге де адамдарды ауа райы жағдайларын ескере отырып, тасымалдау маршруттарын алдын ала жоспарлау және өткізу пункттеріне брондалған күні келу қажеттігін ескертті.

"Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жүк автокөлік құралдарын өткізу "CarGoRuqsat" (https://cgr.qoldau.kz/ru/start/) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде өткізу күнін брондау арқылы жүзеге асырылатынын назарларыңызға саламыз", - делінген хабарламада.

Ведомство мереке күндері шекара жабылатынын мәлімдеді.

"Екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда Жаңа жылды мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлаймыз", - деді комитет өкілдері.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051109-qazaqstan-men-qytai-sekarasyndagy-kolik-otkizu-punktteri-mereke-kunderi-zumys-istei-me/

pixel