jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Семейде "Тәуелсіздікке тағзым" атты жас ақындар мүшайрасы өтті

Мүшайра жеңімпаздары
Мүшайра жеңімпаздары. Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шара Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Байқау мақсаты - көркем әдебиетті, сөз өнерін дәріптеу, тәуелсіздігіміздің нығаюына, жігерлі, табанды ұрпақтың тәрбиеленуіне ықпал ету, патриоттық, гуманистік бағыттағы поэзияны дамыту.

Байқау шарты бойынша екі кезеңнен тұрды. Алдымен ақындар тәуелсіздік тақырыбына өлең шығарып оқыса, екінші айналымда еркін тақырыпта жеке шығармашылығынан өлең оқып, сынға түсті.

Тәуелсіздік тақырыбында өлең жазу үшін қатысушыларға жеті күн уақыт берілді. Мүшайраға мектеп оқушылары, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттері, жалпы жиыны 14 ақын қатысты.

"Тәуелсіздікке арнау" атты өзімнің жеке шығармашылығымнан өлең дайындап әкелдім. Ұйымдастырушылар оны жазуға бір апта мөлшерінде уақыт берді. Бұл шара жалпы, жастарға, кешегі Мағжан сенген жастарға үлкен серпіліс болғалы тұр. Осындай шығармашылық кештер көбірек ұйымдастырылса дейміз", - деп өз пікірін білдірді мүшайра қатысушысы Нұрбол Ұлан.

Мүшайра жеңімпаздары
Мүшайра жеңімпаздары. Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әділ қазылардың төрелігімен байқаудың бас жүлдесін Рахатбек Ерзат жеңіп алса, 1-орынды Ерланов Әлихан, 2-орынды Нұрбол Ұлан және 3-орынды Сләмшайықұлы Мирас иеленді.

Сонымен қатар бүгінгі байқауда ерекше көзге түскен ақындар Қ.Рысқұлбекұлы, Е.Сыпатайұлы, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова атындағы арнайы жүлделермен де марапатталды. Ал байқауға қатысқан барлық қатысушыға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Семейде "Тәуелсіздікке тағзым" атты жас ақындар мүшайрасы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.