Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентау қаласында дауыл соғып, 6 көпқабатты тұрғын үй мен 40 жеке үй тұрғындары жылусыз қалды

Опубликовано:

Кентау
Кентау. Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы Кентау қаласында дауылды желден 6 көпқабатты тұрғын үй мен 37 жеке үйдің шатыры ұшты. Қазір Кентауда жарық пен жылуды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің ресми Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысы Кентау қаласында ауа-райының қолайсыздығынан жылу орталығында ақау шығып, 6 көпқабатты тұрғын үй мен 40 жеке үй тұрғындары жылусыз қалған. Кентаудағы жалғыз жылу орталығы 1934 жылы салынған. Бүгінде жылу орталығының 85 пайызы тозған.

Жылу жүйелерінде орын алған ақауды қалпына келтіру үшін 11 бригада, арнайы техника жұмылдырылған. Әкімдіктің хабарлауынша, жылу ЖЭО-5 орталығындағы қазандықтар жұмыс істеп тұр. Кентау қаласына арнайы барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды штабтың шұғыл отырысын өткізіп, барлық құрылым басшыларына орын алған жағдайлардың салдарын жоюға байланысты тікелей тапсырмалар берді.

Кентау
Кентау. Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Кентауда қатты соққан желдің салдарынан қаладағы 6 көпқабатты тұрғын үй мен 37-ге жуық жеке сектордағы тұрғын үй жарықсыз қалған. Қазір абоненттердің жарығын қосу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. 

“Барлық секторлар бойынша жұмыстарды жүргізуге 200-ден аса қызметкер мен 15 техника жұмылдырылды”,- деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Дәл қазіргі ахуал бойынша Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда жылуға қосылмаған 2 көпқабатты және 22 жеке жер үйлер қалды.

Кентау
Кентау. Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051123-kentau-qalasynda-dauyl-sogyp-6-kopqabatty-turgyn-ui-men-40-zeke-ui-turgyndary-zylusyz-qaldy/

pixel