Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"94 бала бар": Жамбыл облысында жолда қалған 2708 адам құтқарылды

Опубликовано:

Жамбыл облысында құтқару жұмыстары
Жамбыл облысында құтқару жұмыстары. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысында ауа-райының күрт нашарлауына байланысты 12 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында "Тараз-Алматы" бағытындағы облыстық маңызы бар Меркі-Қайнар, Қордай-Шу, Меркі-Қордай жолдарында кезең-кезеңімен көлік қозғалысы тоқтатылған болатын. Осы бағытта жолда қалған 2708 адам құтқарылды, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі құтқарылғандар арасында 94 бала барын атап өтті.

"Барлығы 2708 адам құтқарылды. Оның ішінде 94 бала бар. Олардың 2464-і үйлеріне қайтарылса, 244 адам алты жылыту пунктерінде қалды. 5 адам, яғни, бір нәресте мен 4 ересек Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жағдайлары тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

Жалпы екі күнде 5000-нан астам адам құтқарылды. Қар құрсауында қалған барлық азамат толық шығарылды. Адам шығыны ресми тіркелген жоқ", - деп мәлім етті Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысы құтқару жұмыстары
Жамбыл облысы құтқару жұмыстары. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Сонымен қатар облыстық төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел желі ұйымдастырылған. Құтқару жұмыстарына жалпы 117 арнайы техника мен 169 адам тартылған.

Қазіргі уақытта жолдарды тазалау жұмыстары жалғасуда

Сондай-ақ "Қазақстан теміржолы" АҚ ақпаратына сәйкес, Шу-Отар учаскесінде жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келтірілген. Ал облыстың басқа елді мекендері мен Тараз қаласында жағдай қалыпты.

"Тұрғындардан тек ресми ақпараттарға сенуді, жолдардың жабылуы туралы ескертулерді мұқият сақтауды және ауа-райының қолайсыз жағдайында жолға шықпауларын сұраймыз", - деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысы құтқару қызметі
Жамбыл облысы құтқару қызметі. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Айта кетейік, аталған жағдайға байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүруде. Қордай және Шу аудандарында жергілікті аумақтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051125-94-bala-bar-zambyl-oblysynda-zolda-qalgan-2708-adam-qutqaryldy/

pixel