Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жанармай бекеті өртеніп, бір адам зардап шекті

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысында жанармай құю бекеті өртенді. Оқыс жағдай кезінде 56 жастағы ер адам зардап шеккен. Жанармай көлігінің жүргізушісі орташа дәрежедегі күйік жарақатын алған, деп хабарлайды КТК.

Оқыс оқиға Шелек ауылында болды. Өрт сөндірушілерге, көлемі 30 текше метр цистернаның жанып жатқаны туралы хабарлама, кешкі сағат жеті жарымда түскен. Мамандар алысып жүріп қызыл жалынды бір сағатта ауыздықтады. 80 шаршы метрді аумақты шарпыған өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Ал жапа шеккен азамат алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханада қалудан бас тартқан.

"Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 20 қызметкері мен 8 техникасы, ауданның полиция бөлімінің 5 қызметкері мен 2 техникасы, жедел жәрдем бригадасының 3 қызметкері мен техникасы жұмылдырылды", - деді Алматы облысы ТЖД қызметкері Самат Кенжехан.

Дереккөз: КТК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051158-almaty-oblysynda-zanarmai-beketi-ortenip-bir-adam-zardap-sekti/

pixel