Тұман және көктайғақ: 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жарияланған күні:

Қазгидромет 16 желтоқсандағы ауа райын болжады. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігіне, әліде суық солтүстік-батыс антициклоны өз әсерін тигізетін болады. Соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында - қар, оңтүстігінде - жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Ел бойынша жел күшейеді.
Жетісу облысының Алакөл өзендері ауданында кей уакыттарда өтте қатты жел тұрады, күші 30 м/с және одан жоғары болады.
Сондай-ақ, синоптиктер еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады. Алматы мен Шымкентте бүгін қар күтілмек.
Оңтүстік астанада к ндіз ауа температурасы -1 градусқа дейін көтеріліп, түнде -11 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 1,6 м/с болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051159-tuman-zane-koktaigaq-16-zeltoqsanga-arnalgan-aua-raiy-bolzamy/