jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Көктайғақ: Жамбыл облысында жолдар қайта жабылды

Аязды күні жолда кетіп бара жатқан көлік
Жол. Көрнекі фото: Рixabay.com

Жамбыл облысының жолдарында жаңбыр салдарынан қатты көктайғақ пайда болды. Нәтижесінде өңірде автокөлік қозғалысына қайта шектеу енгізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 желтоқсанда сағат 23-30-да жолдарды қардан тазарту аяқталғаннан кейін Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарындағы бірқатар учаскелерде қозғалыс жанданған болатын. Тас жолдарда жиналған автокөліктер Алматы және Шымкент қалалары бағытында жүруді жалғастырды.

Алайда, 16 желтоқсанда сағат 4:00-де Жамбыл облысының аумағында төмен температурада нөсер жаңбыр жауып, қатты көктайғақтың пайда болуына әкеліп соқты. Сол себепті аталған жолда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс қайтадан шектелді.

Осылайша, ағымдағы сәтте ауа-райының нашарлауына байланысты (төмен температура, нөсер жауын, боран) 4 облыста: Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жабық учаскелер туралы толық ақпаратты жақын арада көлік министрлігі ұсынады.

Көктайғақ: Жамбыл облысында жолдар қайта жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.