Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтауы тоқтатылды": Қазақстанда ауа райы қолайсыздығына байланысты 20-ға жуық пойыз кешігеді

Опубликовано:

Темір жол
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

"Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда бірқатар пойыздар қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады. Сонымен қатар алты пойыз рейсі тоқтатылған, деп хабарлайды ҚТЖ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық пойыздардағы жолаушыларға 16 желтоқсан күні сағат 19:00-дегі жағдай бойынша ауа-райы жақсарғанға дейін кешігулер, рейс тоқтауы мен кесте өзгерісі жайлы хабардар етілді.

Осылайша, 15 желтоқсаннан бастап қиын учаскеде қозғалыс қайта жанданғаны және пойыздың кешігіп жатқаны, келесі станциясыға дейін кешігу жағдайы әлі бар екені атап өтілді.

  • №77 "Алматы - Маңғыстау" бағытындағы пойыз 17 сағат 37 минутқа кешігуде. Кері бағытта 17.12.23 күні Маңғыстау станциясынан сағат 02.00-де пойыз 17 сағат кешігумен жолға шығады;
  • №29 "Алматы-Атырау" пойызы 27 сағатқа кешігуде, қарсы бағытта 2023 жылғы 16 желтоқсанда Атырау станциясынан пойыздың жөнелтілуі тоқтатылды;
  • №7 "Алматы-Саратов" пойызы 11 сағат 50 минутқа кешігіп, қарсы бағытта 17 желтоқсаны күні Саратов станциясынан пойыз 10 сағат кешігумен 23:59 минутта жөнелтіледі;
  • №33 "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы пойыз 21 сағат 20 минутқа кешігіп, қарсы бағытта 2023 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе станциясынан пойыздың жөнелтілуі тоқтатылды;
  • №15 "Алматы-Петропавл" пойызы 11 сағат 37 минутқа кешігіп, қарсы бағытта 17 желтоқсанда Петропавл станциясынан пойыз сағат 01:00-де 9 сағат кешігумен жолға шығады;
  • №21 "Семей-Қызылорда" пойызы 2023 жылдың 16 желтоқсанында кері бағытта 12 сағат 28 минутқа кешікті. Қызылорда станциясынан пойыз сағат 20:50-де 5 сағат кешігіп шығады;
  • № 509 "Алматы-Орал" пойызы 18 сағат 30 минутқа кешікті, жөнелту кестесін сақтайды;
  • № 511 "Алматы-Атырау" пойызы 20 сағатқа кешігуде, жөнелту кестесін сақтайды;
  • №21 "Семей-Қызылорда" пойызы 7 сағат 28 минутқа кешікті. Кері бағытта 2023 жылғы 17 желтоқсанда Қызылорда станциясынан пойыз кестеге сәйкес жөнелтіледі;
  • №23 "Алматы-Ақтөбе" пойызы 9 сағат 15 минутқа кешікті. Кері бағытта 2023 жылғы 18 желтоқсанда Ақтөбе станциясынан пойыз 2 сағат кешігумен сағат 01:00-де жөнелтіледі;
  • №33 "Ақтөбе-Алматы" пойызы 7 сағат 15 минутқа кешікті. Кері бағытта пойыз 18.12.23 күні Ақтөбе станциясынан сағат 01:15-те шығады;
  • №27 "Алматы-Орал" пойызы 9 сағат 38 минутқа кешікті. Кері бағытта 2023 жылғы 18 желтоқсанда Орал станциясынан пойыз 3 сағат кешігумен сағат 02:00-де жөнелтіледі;
  • №22 "Қызылорда-Семей" пойызы 13 сағат 03 минутқа кешікті. Кері бағытта 17 желтоқсан күні Семей стансасынан сағат 00:30-да пойыз 11 сағат кешігумен жолға шығады;
  • № 386 "Бішкек-Новосибирск" пойызы 10 сағат 04 минутқа кешікті. Қарсы бағытта 2023 жылғы 17 желтоқсанда Новосибирск станциясынан пойыз 6 сағат кешігумен сағат 16:00-де жөнелтіледі;
  • №21 "Қызылорда-Семей" пойызы 9 сағат 53 минутқа кешікті. Кері бағытта 17 желтоқсан күні Семей станциясынан пойыз 9 сағат кешігумен 23:00-де жөнелтіледі;
  • №12 "Шымкент-Алматы" пойызы 14 сағат 51 минутқа кешікті. Кері бағытта 2023 жылғы 16 желтоқсанда Алматы 2 станциясынан пойыз 4 сағат кешігумен сағат 23:20-да жолға шықты;
  • №26 "Шымкент-Алматы" пойызы 12 сағат 25 минутқа кешікті, қарсы бағытта 2023 жылдың 17 желтоқсанында Алматы 2 станциясынан пойыз 2 сағат кешігумен сағат 01:00-де жолға шығады.

Ал келесі жолаушылар пойыздары да уақытша тоқтатылды:

  • №10 15 желтоқсан Нұр-Cұлтан станциясынан шығатын "Нұр-Сұлтан 1-Алматы 2" пойызы 1 тәулікке тоқтатылды;
  • №9 15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан шығатын "Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1" пойызы 1 тәулікке;
  • №29/30 16 желтоқсан күні Атыраудан шығатын "Атырау - Алматы 1" және кері бағытта 18 желтоқсанда Алматы-1 станциясынан шығатын пойыз 1 тәулікке;
  • №3 Алматы-2 станциясынан 15 желтоқсан күні шығатын "Алматы 2-Нұр-Сұлтан Нұрлыжол" пойызы және аталмыш рейстің 16 желтоқсанда шығатын кері бағыты 1 тәулікке тоқтатылды;
  • №505/506 15 желтоқсан күні Алматы-2 станциясынан шығатын "Алматы 2 – Жезказған" пойызы және кері бағытта 16 желтоқсандағы рейсі 1 тәулікке тоқтатылды.

"Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында Ақтөбеден аттанатын, ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында Алматы-1 стансасына келетін, Алматы-1 станциясынан шығатын № 34/33 "Ақтөбе-Алматы-1" жылдам пойызының қозғалысы да тоқтатылды", - деп қосты ҚТЖ өкілдері.

Жолаушылар жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпаратты 1433 тегін нөміріне және KTZH_PP_BOT Telegram ботына қоңырау шалу арқылы сұрай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051242-altauy-toqtatyldy-qazaqstanda-aua-raiy-qolaisyzdygyna-bailanysty-20-ga-zuyq-poiyz-kesigedi/

pixel