jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қызылорда қаласында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі ашылды

Қызылорда
Қызылорда. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Бүгін Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде Қызылорда қаласында жаңа темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі ашылды. Көпірдің мақсаты - Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігіндегі халықаралық маңызы бар автокөлік трассасын қауіпсіз және үздіксіз көлік ағымымен байланыстыру болып табылады, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі.

Құны 268,1 млн теңгені құрайтын Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпірі енді ел игілігіне қызмет етпек.

Қызылорда
Қызылорда. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Салтанатты шараға барған облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов барша қала тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, шаһардағы жол инфрақұрылым саласының көкжиегі кеңейіп келе жатқанын тілге тиек етті.

Қызылорда
Қызылорда. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

"Мереке қарсаңында облысымызда әлеуметтік маңызы бар жаңа нысандар ашылып, тұрғын үйлер, жаяу жүргіншілер көпірлері халыққа пайдалануға берілуде. Міне, бүгін "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автодәлізі бойында жол айырығына салынған жаңа көпір ел игілігіне табысталмақшы. Жаңа көпір құрылысына республикалық және облыстық бюджет есебінен - 5,7 млрд теңге қаржы бағытталды.

Бұл көпірдің басты қызметі - Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігіндегі халықаралық маңызы бар автокөлік трассасын қауіпсіз және үздіксіз көлік ағымымен байланыстыру болып табылады. Аталмыш нысанның бас мердігер мекемесі Bazis Construction ЖШС-не барша облыс тұрғындары атынан алғысымды білдіремін", - деді Данияр Жаналинов.

Қызылорда
Қызылорда. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Айта кетейік, дәл осындай темір жол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қаланың екі жерінде салынды. Ал «Қызылжарма» каналы арқылы Бәйтерек шағын ауданына өтетін жаңа көпір жақын күндері пайдалануға беріледі.

Қызылорда
Қызылорда. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Келер жылы құны 4,7 млрд теңге болатын Жанқожа батыр көшесі арқылы темір жол астынан өтетін автожол құрылысы басталады.

Қызылорда
Қызылорда. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Қызылорда қаласында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.