Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 2023 жылы экономика секторында қандай оң өзгерістер болды

Опубликовано:

Қазақстан экономикасы 2023 жылды қалай еңсерді
Үстелдегі ноутбук. Көрнекі фото: freepik.com

Қазақстан үкіметі экономика секторындағы жыл қорытындысын жариялады. Үкімет ақпараты бойынша, ел экономикасы сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп, биыл орнықты өсу траекториясына шықты, деп хабарлайды премьер-министр ресми сайты.

"Қазақстан жаһандық құбылмалы жағдайлардағы сыртқы сын-қатерлерге лайықты төтеп бере отырып, өзінің стратегиялық мақсаттарына жету жолын жалғастырып келеді.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасында және Қазақстан халқына Жолдауларында белгіленген ауқымды реформаларды іске асыру жалғасын тапты. Жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді, бірқатар ірі мемлекеттік бастамаларды, соның ішінде "Жайлы мектеп" және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобаларын іске асыру басталды.

Сонымен қатар үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар қолға алынды, бұл сыртқы күйзелістердің әсерін төмендетуге және алдағы кезеңге экономикалық дамудың негізін қалауға мүмкіндік берді", – делінген хабарламада.

Экономика секторындағы жыл қорытындысы
Жыл қорытындысы. Инфографика: t.me/KZgovernment

Сондай-ақ үкімет Telegram-дағы ресми арнасында экономикадағы негізгі көрсеткіштер туралы мәлімдеді:

  • ел экономикасы сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп, биыл орнықты өсу траекториясына шықты;
  • қаңтар-қараша айларының қорытындысына сәйкес, экономиканың өсуі 4,9 пайызды құраса, былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда бұл небәрі 2,7 пайыз болған еді;
  • жалпы республика бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 11,5 мың АҚШ долларынан 13,3 мың долларға дейін өсті;
  • жылдық мәндегі инфляция қарашада 2022 жылғы желтоқсандағы 20,3 пайыздан 10,3 пайызға дейін төмендеді;
  • 6 айдың қорытындысына сәйкес, 13,3 млрд АҚШ доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды;
  • жыл қорытындысы бойынша, ТШИ шамамен 27 млрд доллар деңгейіне жеткізу жоспарланған;
  • экономиканың барлық саласында жалпы құны 967,7 млрд теңгені құрайтын 210 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды;
  • жалпы жыл қорытындысы бойынша, 1,6 трлн теңгеге 291 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде;
  • машина жасау өндірісі 26,8 пайызға артып, қарқынмен өсу рекорды жаңарды;
  • биыл Қазақстан құны 65 млрд АҚШ доллары өнімді экспорттады, сонымен қатар өңделген тауарлардың экспорты 21 млрд долларға жеткен;
  • "Қарапайым заттар экономикасы" кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы бойынша шарттар жетілдірілді;
  • 10 мың артық бизнес талаптары алынып тасталды;
  • кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету (субсидиялау және кепілдік беру) жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, бұл мақсаттарға "Бәйтерек" холдингі желісі арқылы 2,3 трлн теңге бөлінді;
  • шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау 209 млрд теңгеден 288 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051312-maqsattaryna-zetudi-zalgastyruda-qazaqstan-ekonomikasy-2023-zyly-qandai-zetistikke-qol-zetkizdi/

pixel