Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денелер транзитпен тасымалданған": полиция Қордай асуында адамдар қаза болды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қар басқан жолмен келе жатқан автокөлік
Автокөлік. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

Әлеуметтік желіде Қордай асуында адамдар қатты аяз салдарынан қатып, көз жұмды деген хабарлама тарады. Аталған ақпаратқа фото және видео материалдар қоса берілген. Жамбыл облысы полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желіде Қордай асуында адамдар аязды ауа райы салдарынан қатып, көз жұмды, көптеген отбасы қар басқан тасжолда қаза тапты деген хабарлама пайда болды, тіпті дүниеден озған адамдардың тізімі жарияланды деген ақпарат, фото және видеолар таралуда.

Бұл тізімде бораннан құтқарылып, қамқорлық көрсету мақсатында мектепке жеткізілген адамдардың да жеке деректері бар", – деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Полицейлердің айтуынша, бүгінгі таңда ауа райының күрт нашарлауына байланысты қабылданған төтенше жағдай кезінде ешбір адам көз жұмбаған.

"Ал дүниеден озған адамдардың денесі бар табыттардың фотосына келер болсақ, олар облысымыздан жерлеу мақсатында транзит арқылы тасымалданғанын хабарлаймыз", – деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері заң бойынша жалған ақпарат таратылғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051329-deneler-tranzitpen-tasymaldangan-policiya-qordai-asuynda-adamdar-qaza-boldy-degen-aqparatqa-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel