jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда кәсіпкерлерге қойылатын мыңға жуық талап алынып тасталмақ

Кәсіпкерлер
Кәсіпкерлер. Көрнекі фото: pixabay.com

Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Қазақстанда жыл соңына дейін кәсіпкерлерге қойылатын қажетсіз мыңға жуық талапты алып тастау жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Телерна тілшілерінің хабарлауынша, қазірдің өзінде заңнамалық тәртіп жеңілдеп, 9 мыңнан аса талап алынып тасталды. Жыл соңына дейін тағы мыңға жуық міндетеме қысқарады. Бұл жайлы сенат депутаты Сұлтанбек Мекежанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, елде қабылданатын жаңа Салық кодексі аясында салық төлемі 20 пайызға дейін азаяды. Сондай-ақ мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету де жоспарланып отыр. Соған байланысты жекешелендіру жұмысы қарқын ала бастады.

"2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 пайызға дейін төмендетуге ұсынылып отыр. Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 380 нысан іске асырылды, 64 нысан тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұр. Жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр, оның шеңберінде салық төлеушіге бағдарланған әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілетін болады. Салық есептілігі 30 пайызға, ал салық төлемдері 20 пайызға қысқарады", - деді парламент сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов.

Қазақстанда кәсіпкерлерге қойылатын мыңға жуық талап алынып тасталмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.