Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды

Опубликовано:

"Қазақфильм" ғимараты
"Қазақфильм" киностудиясы. Фото: kazakhfilm.kz

Алматы прокурорлары фильм түсіруге бөлінген бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады. Алдын ала дерек бойынша 400 млн теңгеден астам ақша ұрланған, деп хабарлайды қалалық прокуратура ресми сайтында.

Алматы қаласының прокуратурасы "Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм" акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бұрынғы президенті жемқорлық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051404-ulttyq-kinony-qoldauga-bolingen-byudzet-qarazatynyn-urlangany-anyqtaldy/

pixel