Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоқ қантты 100 млн теңгеге сатқан өскемендік әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Қант
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өскемендік әйел 300-ге жуық тұрғынды алдап, жоқ қантты 100 млн теңгеге сатып жіберген. Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ШҚО соттарына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы соттары Insagram-дағы ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, Өскемен қаласының №2 соты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша әйел қатысты бірнеше рет екі немесе одан да көп адамды алдып, бөтеннің мүлкін ұрлау яғни, алаяқтық айыптауы бойынша қылмыстық істі қарады.

"2022 жылдың маусым және шілде аралығындағы қантты жеткізудегі уақытша үзілістерді пайдаланып қолында өнімі және оларды сатып алудың нақты мүмкіндігі жоқ бола тұра азазамтша "WhatsApp" мессенджерінде өзінің абоненттің нөмірінің статусында нарықтық бағадан төмен 1 килограмы 480 тенгеден 100 пайыз алдын ала төлем жасау шартымен қант сатылатындығы туралы ақпаратты жариялап Өскемен қаласының 289 тұрғынынан ақша алған", - делінген сот хабарламасында.

Белгіді болғандай, азаматша қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушілерге жалпы сомасы 102 миллион теңгеге жуық залал келтірген.

Жәбірленушілердің пікірін, келтірілген зиянның орнын толтыру шараларын қолданбауын ескере отырып, сот азаматшаны кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылғанын мәлім етті. Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051451-zoq-qantty-100-mln-tengege-satqan-oskemendik-aiel-bes-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel