Астаналық такси жүргізушісі Қарағандыға тапсырыс алғаннан кейін жоғалып кетті
Жарияланған күні:

"Байқоңыр" ауданы ПБ-на елорда тұрғыны жүгініп, жалға алынған Chevrolet Cobalt маркалы автокөлікпен үйден жеке тасымалдаумен айналысуға кеткен 18 жастағы ұлын іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш білдірген. Бұл туралы Астана қалалық полициясы Instagram-да хабарлады.
Бозбаланы іздеуге Астана қаласы ПД жеке құрамы мен берілген күштер бағдарланғаны айтылады.
"Адамдардың жаппай шоғырлану орындары, жатақханалар мен қонақ үйлер тексерілуде, хабар-ошарсыз кеткен адамның араласатын ортасы орнатылуда, бейнебақылау камералары қаралуда. Тексеру барысында оның Астана қаласынан Қарағанды қаласына шығып, Алматы облысына келгені анықталды", - делінген хабарламада.
Полицейлер хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің телефондарына қоңырау шалуды сұрайды: 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98.
Жігіттің жоғалып кеткені туралы бұған дейін PATRIOT Karagandy Instagram-парақшасында жарияланған. Жарияланым авторы Нұрсұлтан есімді жігіт 9 желтоқсанда Қарағандыға тапсырыс алғаннан кейін жоғалғанын хабарлады. Ол Қарағандыдан Алматыға кеткен, кейін байланыс үзілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051467-astanalyq-taksi-zurgizusisi-qaragandyga-tapsyrys-algannan-keiin-zogalyp-ketti/