Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған боздақтар рухына тағзым ету шараcы өтті

Опубликовано:

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

16 желтоқсанда Қызылорда қаласында оқиға құрбандарын еске алуға арналған еске алу шарасы өтті. Ел үшін жанын қиған боздақтар рухына тағзым ету шарасына халық Тағзым алаңындағы желтоқсан қозғалысына қатысушыларға арнап қойылған белгінің жанында жиналды.

1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға. Желтоқсаннан кейін барып Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулардың болғаны, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегені баршаға белгілі.

Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс болды.

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Желтоқсан – халқымыз үшін қасиетті әрі қастерлі ай. Егемендік жолындағы ұлттық рухтың символына айналған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін де ел жадынан өшіру мүмкін емес. Сондықтан, Тәуелсіздік күнінің рөлі ешқашан аласармайды.

Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталып, бұл күн мемлекеттік мереке болып қала беретінін тілге тиек етіп, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өту керегін айтқан болатын.

Қызылорда қаласында Желтоқсан оқиғасына қатысқан 21 адам бар.

Жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында желтоқсан оқиғасына қатысушы азаматтарға лайықты құрмет көрсету мақсатында оларды қоғамдық-саяси маңызды іс-шараларға тарту, әлеуметтік қолдау және еске алу шаралары өткізілуде.

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

16 желтоқсан күні Қызылорда қаласында оқиға құрбандарын еске алуға арналған еске алу шарасы ұйымдастырылды.

Ұлт тарихы үшін тағдыр шешті кезеңдерде еңсе тіктеп, ел үшін жанын қиған боздақтар рухына тағзым ету шарасына халық Тағзым алаңындағы желтоқсан қозғалысына қатысушыларға арнап қойылған белгінің жанында жиналды.

Шара Елдің болашағы, келер ұрпақтың бақыты үшін күрескен боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алумен жалғасты.

Еске алу шарасында Сыр жұртшылығы атынан облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының тағзым гүлі қойылып, Қызылорда облысының бас имамы Құрманбаев Дастан құрбандар рухына арнап құран бағыштады.

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Шара соңында жиналған барша жұрт жазықсыз жапа шеккен құрбандар рухына бас иіп, ескерткіш маңына гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Қызылорда қаласының әкімдігі.

Біз еркіндігімізді әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиіспіз. Бұл – біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

"Тәуелсіздік – тәуекелі жеткендердің ғана пешенесіне бұйыратын бақыт" демекші, бұл кешегі бабалар ерлігінің рухы дарыған, ертеңгі ұрпағына жол салған елім деген ерлердің еселі еңбегінің жемісі. Ұлт болашағы жолында солақай саясаттың құрбандары болған жастар рухы бізбен бірге күн сүйген қыранымызға қызыға қарайды. Ел есіндегі боздақтар таным көгіміздің таразысы болғай.

Азаттық рухы асқақ болсын! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051481-qyzylorda-qalasynda-16-zeltoqsan-tauelsizdik-kunine-arnalgan-bozdaqtar-ruxyna-tagzym-etu-saracy-otti/

pixel