Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы сүйіктісінің интим видеосы үшін миллиондаған ақша бопсалаған шымкенттік ұсталды

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: polisia.kz

Шымкентте бұрынғы сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған ер адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz медиа-порталы.

Басылым хабарына қарағанда, қала тұрғыны бұрын бірге тұрған ер адам қорқытып жүргенін айтып шағымданған. Арызданушының айтуынша, ер азамат оның интим видеоларын интернетке таратпау үшін 20 мың доллар талап еткен.

Күдіктіні қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу үстінде ұстады.

Осы жайт бойынша полицейлер тергеу әрекеттерін бастады. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Құқық қорғаушылар мұндай жағдайларда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051504-buryngy-suiiktisinin-intim-videosy-usin-milliondagan-aqsa-bopsalagan-symkenttik-ustaldy/

pixel