Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең төмен нәтиже көрсетіп отыр": Смайылов үш өңірде әкім орынбасарларына қатаң сөгіс жариялауды тапсырды

Опубликовано:

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қоқыс үйінділерімен күрес мәселесінде нашар көрсеткіш үшін үш өңірдің әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс жариялауды тапсырды. Бұл туралы ол үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Отырыста премьер-министр стихиялық қоқыс үйінділері мен қалдықтарды реттеу инфрақұрылымын дамыту аса өткір тұрған мәселелердің бірі екенін айтты.

"Біз бұл мәселені биыл қыркүйек айында үкімет отырысында қарадық. Бірқатар тапсырма берілді, оның ішінде стихиялық қоқыстардың санын 2 есеге қысқарту мәселесін көтердік. Жалпы өңірлерде тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Алайда Ұлытау, Алматы және Маңғыстау облыстары ең төмен нәтиже көрсетіп отыр. Аталған өңір әкімдеріне осы салаға жетекшілік жасайтын орынбасарларына қатаң сөгіс жариялауды тапсырамын", - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының сөзінше, стихиялық қоқыстарды болдырмау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты қайта құру қажет.

"Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдер бірінші кезекте қалдықтарды қайта өңдейтін инфрақұрылымды ретке келтіріп алады. Бұл жерде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің механизмін белсенді түрде қолдану керек", - деді Смайылов.

Сондай-ақ үкімет басшысы 2024 жылғы 1 наурызға дейін нақты іс-шаралар мен іске асыру механизмдерін қамтитын коммуналдық қалдықтарды реттеу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту бойынша барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды.

"Экология және табиғи ресурстар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, келесі жылғы қаңтардың соңына дейін инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға тиіс", - деп талап етті премьер-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051522-en-tomen-natize-korsetip-otyr-smaiylov-us-onirde-akim-orynbasarlaryna-qatan-sogis-zariyalaudy-tapsyrdy/

pixel