Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да жыртқыш аң 50 шақты қойды қырып кетті

Опубликовано:

Қой
Қой. Көрнекі сурет: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы шаруашылықтардың бірінде қырылған 11 қойдың өлексесі табылды, деп хабарлайды Kazinform.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған агенттік мәліметінше, 16 желтоқсанда сағат 05:00-де Айыртау аудандық полиция бөліміне учаскелік полиция инспекторы хабарласып, мал шаруашылығы кешенінде 44 қойдың белгісіз себеппен қырылғандығын айтқан.

Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы жетіп, тексеріс барысында өлген қойларды белгісіз жыртқыш аң талағандығы анықталған. Өлекселер тырналып, тістелген, тамағы орылған. Ал біреуі жартылай желінген.

Полицейлер қойға иттің шапқанын бірден жоққа шығарған, өйткені қораға жабайы аңның келгенін ізінен байқаған.

Аудандық полиция бөлімінің басшысы Марат Серкешевтің айтуынша, қораның айналасын 500-600 метр қашықта қарау кезінде сілеусін іздеріне ұқсас іздер табылған.

Жалпы материалдық шығын шамамен 1 млн теңге шамасында деп есептеліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051602-sqo-da-zyrtqys-an-50-saqty-qoidy-qyryp-ketti/

pixel