Алматыда бас шыршаның шамы жағылды (фото)
Жарияланған күні:
Алматыда салтанатты түрде жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды. Абай алаңында өткен шыршаны жағу рәсіміне бірқатар қазақстандық эстрада жұлдызы қатысып, өнерін паш етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оңтүстік астананың бас шыршасы дәстүр бойынша Республика сарайы алдындағы Абай алаңында орнатылды. Жаңа жылдың басты символының биіктігі - 20 метр.
Бас шырша ұзындығы жеті метр болатын жарықдиод гирляндалармен және жаңажылдық 500 ойыншықпен безендірілген.
Бас шыршаны жағу рәсіміне орай жыл сайын концерттік бағдарлама әзірленеді. Осы жылы мерекелік шарада Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, "Жігіттер", "Кешью", "Ринго", "Шамис" және т. б. эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Бас шырша жағылған соң, қала бойынша басқа да жаңа жылдық шаралар бастау алады. Оңтүстік астанада түрлі флешмобтар, байқаулар, қойылымдар мен Аяз аталар шеруі өтеді. Бүгін қаланың өзге аудандарындағы шыршалар да жағылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051766-almatyda-bas-syrsanyn-samy-zagyldy-foto/