Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО әкімі: Облыстың барлық ауданында мемлекеттік архив ғимараттары салынады

Опубликовано:

Оралда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Фото: БҚО әкімдігі

Мемлекеттік архивке 100 жыл толуына орай Оралда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған еліміздің әр өңіріндегі мамандармен қатар Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Ресей елдерінен делегаттар келіп, өлкетану ғылымы мен мұрағаттарға қатысты жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Конференцияның негізгі мақсаты – архив ісінің және сол мамандықтың маңыздылығы мен беделін арттыру, салаға көңіл бөлу, сондай-ақ мекемелермен өзара тәжірибе алмасу болды.

Конференцияның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев сала мамандарын тарихи датамен және архившілер күнімен құттықтап, үздік кадрларды марапаттады.

Оралда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Фото: БҚО әкімдігі

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде былай деген еді: «Тарихтан сыр шертетін ортақ мұрағатты зерттеп, ұрпаққа ақиқатты жеткізу – біздің парызымыз. Құзырлы органдарымызға беймәлім деректерді бірлесіп зерделеуді тапсыруды ұсынамыз. Бұл, шын мәнінде маңызды жұмыс болмақ, себебі ортақ тарихымызда әлі де толық зерттелмеген ақтаңдақтар бар".

Бүгінде Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінде 2453 қор және 643 704 сақтау бірлігі бар. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында облыстың мемлекеттік архивінің базасында "Электрондық архив" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізуге бюджеттен 110 млн теңге бөлінді. Сыйымдылығы 200 мың сақтау бірлігіне арналған архив ғимаратының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, Ақжайық, Бәйтерек, Бөкей Ордасы, Жәнібек және Сырым аудандарына 2024 жылы әлеуметтік-инвестициялық жоба аясында салу жоспарлануда. Ал 2025-2026 жылдары барлық ауданда архив ғимараттары салынады", - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Оралда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Фото: БҚО әкімдігі

Архив саласы қызметкерлерінің жалақысы соңғы үш жылда 50 пайызға дейін көтерілді. Ал 2025 жылы 100 пайызға жетеді. Батыс Қазақстан академиялық колледжінде арнаулы білімді мамандар дайындалып жатыр. Жыл сайын 25 маман мемлекеттік грант есебінен білім алып, ведомстволық және басқа да архивтерде еңбек етеді.

Оралда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Фото: БҚО әкімдігі

Пленарлық мәжіліс барысында отандық және шетелдік мамандар өлке тарихына қатысты жаңа деректерді тізбектеді. Мысалы, Викара университеті тілдер және тарих география факультетінің бөлім басшысы Гундогду Абдуллах "Батыс және Түркиядағы зерттеулерден Қазақстандағы ашаршылыққа шолу" тақырыбын қаузады. Зобалаң жылдары қазақ даласында ашаршылық салдарынан жұрттың тоз-тозы шықты.

Түркиялық ғалым дәл сол кезең туралы еуропалық елдердің мұрағатынан жинаған бірқатар мағлұматты жеткізіп, деректер қорын байыта түсті. Ал орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Сатаева "Архивті дамытудың перспективалық бағыттары және халықаралық қызметі" жөнінде ой өрбітіп, саланы дамытудың озық әдіс-тәсілдерін тілге тиек етті.

Оралда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Фото: БҚО әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051777-bqo-akimi-oblystyn-barlyq-audanynda-memlekettik-arxiv-gimarattary-salynady/

pixel