Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлттық құндылықтарды таптау": Депутат Аманжол Әлтай Akon-ға домбыра сыйлағандарды сынға алды

Опубликовано:

Аманжол Әлтай мәжіліс отырысында
Аманжол Әлтай мәжіліс отырысында. Видеодан кадр: Youtube/ҚР Парламенті Мәжілісі

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қазақстанға келетін шетелдік әншілерге талап қою керектігін айтып, үкіметке сауал жолдады. Ол күні кеше елордада концерт берген әйгілі Akon-ды ұлттық киіммен қарсы алып, оған домбыра сыйлағандарды сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс депутаты бүгінде жастардың TikTok пен Instagram-ның тұтқынына айналып, ұлттық тәрбие өнегесінен ажырап бара жатқанын алға тартты.

"Өкінішке орай, жастарымыз Tik-tok тұтқынына айналған. Бүгінгі қоғамда ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтаған құндылықтарымыздан, ұлттық тәрбие-өнегесінен ажырап барамыз. Нақты дәлел, күні кеше ғана Астанада өткен AKONның концертіне байланысты бірнеше аспектілерге тоқталайын: біріншіден, концерт кезінде жанкүйер жастар әншіге іш киімін лақтырып, төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. Бұл жастар тәрбиесінің әлсіздігін көрсетеді", - деді Аманжол Әлтай.

Оған қоса депутат Akon-ға домбыра сыйлағандарды сынға алып, олардың әрекеті мүлдем орынсыз болғанын айтты.

"Екіншіден, ұлттық өзегі әлсіз, өзгені пір тұтқыш жастар әндердің контексінде байқалатын кемсітушілік мәселесін, қыздардың намысы мен абыройын қорлайтын мәтін мазмұнын аңғармай есі кетті. Үшіншіден, "Smack that" әнінің эротикалық сипаттағы мазмұны тәрбиеге теріс әсер етеді. Төртіншіден, ұйымдастырушылардың әншіні ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлағандары тіптен орынсыз деп санаймын. Ұлттық музыкалық мұрамыздың символы - қасиетті домбыраны әйелдерді қорлауды насихаттаудың айқын сипатына ие "Smack that", "hypnotiser" сияқты әндерді орындайтын әншіге беру – парықсыздық, ұлттық құндылықтарды табанға таптау деп қабылдаймын", - деді депутат Мәжіліс отырысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051785-ulttyq-qundylyqtardy-taptau-deputat-amanzol-altai-akon-ga-dombyra-syilagandardy-synga-aldy/

pixel