Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор Туризм және спорт министрлігінде тексеріс жүргізеді

Опубликовано:

Костюмдегі ер адам
Шенеунік. Көрнекі фото: pexels.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство татартқан хабарға қарағанда, талдау аясында Туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасалады.

"Бұдан басқа, спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт объектілерін салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенеді", - дейді Антикордағылар.

Талдау Агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізіледі екен.

"Егер жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратыңыз болса немесе спортты қаржыландыру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз karipova.a@antikor.gov.kz", - делінген ведомство хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051820-antikor-turizm-zane-sport-ministrliginde-tekseris-zurgizedi/

pixel