Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлағанын мойындады (видео)

Опубликовано:

Банкоматтан ақша ұрлау сәті
Банкоматтан ақша ұрлау сәті. Фото: polisia.kz

Елордадағы банкоматтардың бірінен ақша ұрлау сәті видеоға түсіп қалған. Кейін бұл қылмысты бұрынғы инкассатор жасағанын мойындаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық биылғы тамыз айында жасалған. 5 айға жуық уақыттан кейін жүргізілген тексеру барысында 3 миллион 760 мың теңге көлеміндегі ірі қаржы тапшылығы анықталған.

Бейнебақылау камераларын қарап шыққан тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түскен. Бейнежазбада таңғы уақытта бетін жауып алған ер адам банк филиалының ғимаратына кіргені көрсетілген. Ол банк аппаратын ашып, қолма-қол ақша салынған дискілерді алып кеткен.

Ұрлыққа бұрынғы инкассатордың қатысы бар екені белгілі болған. Бұған дейін 27 жастағы күдікті 2 ай жұмыс істеп, ақша тасымалдаумен айналысқан. Ол жұмыстан шыққаннан кейін банкоматтың кіру кодтарын білетін болғандықтан ақша ұрлауға бел буған.

Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ер адам кінәсін мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051868-astanada-buryngy-inkassator-bankomattan-aqsa-urlaganyn-moiyndady-video/

pixel