jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қарқаралыда үш адамға қасқыр шапты: өңірлік полиция түсінік берді

Қарқаралыда адамға шапқан қасқыр
Қарқаралыда адамға шапқан қасқыр. Фото: Желіде тараған видео кадры

Желіде Қарқаралы қаласында қасқыр адамдарға шапқаны туралы ақпарат пайда болды. Алдымен зардап шеккен екі адам, содан кейін үш адам туралы хабарланды. Қарағанды облыстық ПД өкілдері бұл жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Вечерняя Караганда" Telegram-арнасының ақпараты бойынша, бүгін таңертең қалада дүрбелең туған. Қасқыр таңғы алтыда Қарқаралының шетіндегі екі жалғыз жолаушыға шабуыл жасаған.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы алдымен орталық аудандық ауруханаға екі әйелге қасқыр шапқанын хабарлады. Бірінің қолы жараланған, екіншісінің денесінде бірнеше жерден тіс ізі қалған.

Ведомство өкілдері бұл деректерді нақтылап, ауруханаға үш адам жүгінгенін айтты. Науқастар ем алып, құтыруға қарсы препараттар енгізілген, үшеуі де амбулаториялық емдеуге жіберілген.

Қарағанды облысының ПД өкілдері NUR.KZ тілшісіне полицейлер ветеринария органдарымен бірлесіп жабайы жануарды жою бойынша шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.

Қарқаралыда үш адамға қасқыр шапты: өңірлік полиция түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.