Ерболат Досаев жаңа тағайындау туралы қауесетке пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомОрталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев атқарған жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ ол БАҚ өкілдерінің "келесі жылы премьер-министр боласыз ба" деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
БАҚ өкілдері Алматы әкімі Ерболат Досаевтан оны келесі премьер-министр етіп тағайындау туралы кейбір сарапшылардың болжамдарына пікір білдіруін сұрады. Әкім "қазіргі жұмысына ғана көңіл бөліп жүргенін" атап өтті.
"Маған бұл жұмыс ұнайды. Жұмысым өркенниетті, әрі осы бағытта өз қызметімді жалғастырғым келеді. Тағайындауға қатысты мәселелер сарапшылардың да, менің де құзыретімде емес. Үкімет те, әкімдер де әрі әрқайсысы өз деңгейінде жұмыстарын жасауда. Бұл дұрыс деп ойлаймын.
Менің жеке басыма назар аударғаныңыз үшін тағы да рахмет. Бірақ менің жоспарларымда тұрған басты мәселелер - қаланы дамыту бойынша аяқталмаған іс-шараларды жүзеге асыру.
Алдағы екі жылда қаланы дамыту жоспарларын жүзеге асыруды жоспарлап отырмын", - деді Досаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051909-dosaev-premer-ministr-boluy-mumkin-be/