jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ерболат Досаев жаңа тағайындау туралы қауесетке пікір білдірді

Ерболат Досаев на брифинге СЦК
Ерболат Досаев. Фото: акимат Алматы

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев атқарған жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ ол БАҚ өкілдерінің "келесі жылы премьер-министр боласыз ба" деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Алматы әкімі Ерболат Досаевтан оны келесі премьер-министр етіп тағайындау туралы кейбір сарапшылардың болжамдарына пікір білдіруін сұрады. Әкім "қазіргі жұмысына ғана көңіл бөліп жүргенін" атап өтті.

"Маған бұл жұмыс ұнайды. Жұмысым өркенниетті, әрі осы бағытта өз қызметімді жалғастырғым келеді. Тағайындауға қатысты мәселелер сарапшылардың да, менің де құзыретімде емес. Үкімет те, әкімдер де әрі әрқайсысы өз деңгейінде жұмыстарын жасауда. Бұл дұрыс деп ойлаймын.

Менің жеке басыма назар аударғаныңыз үшін тағы да рахмет. Бірақ менің жоспарларымда тұрған басты мәселелер - қаланы дамыту бойынша аяқталмаған іс-шараларды жүзеге асыру.

Алдағы екі жылда қаланы дамыту жоспарларын жүзеге асыруды жоспарлап отырмын", - деді Досаев.

Ерболат Досаев жаңа тағайындау туралы қауесетке пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.