Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

Опубликовано:

Азық-түлік дүкені
Азық-түлік дүкені. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің бес өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады. Ақмола және Қызылорда облыстарында қант пен ұнға бірнеше рет сауда үстемесін көтергені үшін екі жеткізуші жауапқа тартылды, деп хабарлйды Қаржы мониторинг агенттігі ресми сайтында.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанайда жеткізу тізбегінен делдалды алып тастау есебінен қарақұмық бағасы 25 пайызға (340 теңгеден 260 теңгеге дейін) төмендетілген.

"Солтүстік Қазақстан облысында дәл осындай алгоритм бойынша супермаркеттер желісіндегі қарақұмық бағасы 40 пайызға (3 кг қаптамасы үшін 2374 теңгеден 1450 теңгеге дейін) төмендетілді.

ШҚО-да ҚМА аумақтық департаментінің бастамасымен білім беру мекемелерінде алдағы жылға қарақұмық пен қантты сатып алу бағасы қайта қаралды. Орташа алғанда, өнімдердің құны 30 пайызға төмендеді (қарақұмық 35 пайызға, 625-тен 420 теңгеге; қантқа 20 пайызға, 536-дан 435 теңгеге)", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ агенттік Ақмола және Қызылорда облыстарында қант пен ұнға бірнеше рет сауда үстемесін көтергені үшін көтерме бағадағы екі жеткізуші жауапқа тартылғанын мәлім етті. Нәтижесінде бағалар шамамен 15 пайызға төмендеген.

ҚМА өкілдері әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасынан 15 пайыздан аспауы керек екенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051985-elimizdin-bes-onirinde-aleumettik-manyzy-bar-azyq-tulik-tauarlarynyn-bagasy-tomendetildi/

pixel