Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус жол апатына ұшырады (видео)

Опубликовано:

Қоғамдық көлік
Қоғамдық көлік. Видеодан скриншот: instagram.com/kris__p__almaty

Алматы автобус жолдан шығып кеткен. Терезесі сынған қоғамдық көліктің суреті желіге тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оңтүстік астана тұрғындары автобустың жолдан шығып бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.

"Жанармай құю бекетінің жанында автобус жол апатына ұшырады. Жүргізушінің тәжірибесі жоқ па?" – деп жазған видео астына.

Алматы полиция департаменті аталмыш жағдайға қатысты NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Бүгін таңертең қоғамдық көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Қазір Алатау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Алматы қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051996-almatyda-avtobus-zol-apatyna-usyrady-video/

pixel