Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2 айлық сәби мен 3 бала бар": Алға қаласында көпқабатты үйден шыққан өрттен 14 адам құтқарылды (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Көрнекі фото: NUR.KZ

21 желтоқсанда Алға қаласында көпқабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтер өртенген. Құтқарушылар 14 адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өрт сөндіруге жеке құрамның 9 адамы мен 2 бірлік техника жіберілген.

Өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

"Құтқарушылар Азамат Наушин, Ерболат Сырымов, Асланбек Тельманов және Айбек Дүйсенбаев үш иінді сатының көмегімен өрттен 2 айлық бала мен 3 баланы құтқарды", - деп мәлім етті төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Сонымен қатар 14 адамның арасында мүмкіндігі шектеулі жан мен жүкті әйел де болған.

Ал пәтерден шыққан өрт бір сағаттан аз уақыт ішінде жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052003-2-ailyq-sabi-men-3-bala-bar-alga-qalasynda-kopqabatty-uiden-syqqan-ortten-14-adam-qutqaryldy-foto-video/

pixel