Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көлік техпаспорты бар-жоғын тексеруді автоматтандыру жоспарланып отыр

Опубликовано:

Автокөлік
Автокөлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр техникалық байқауды тексеру туралы депутаттық сауалға берген жауабында елде бұл процесті автоматтандыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі мәжіліс сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Техникалық байқау мерзімі өткен көлік құралдарын анықтау үшін "ҰАТ" АҚ ішкі істер министрлігімен және "Сергек" компаниясымен бірлесіп техникалық байқаудың бар-жоғын автоматтандырылған тексеру бойынша пилоттық жоба жүргізуді жоспарлап отыр", - делінген парламент палатасының ресми сайтында жарияланған жауапта.

Сондай-ақ көлік құралынсыз техникалық қарап-тексеру жүргізгені үшін техникалық қарап-тексеру операторларына қатысты айыппұлды 10-нан 100 АЕК-ке дейін (345 000 теңге) ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылады.

Бұдан бөлек бүгінгі таңда Қазақстан аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жеткізілген көлік құралдарын заңдастыру нәтижесінде оң жақтағы тізгінмен басқарылатын көлік құралдарының саны артқан.

Алайда бүгінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, такси тасымалдау қызметі үшін оң жақтағы рөлмен басқарылатын көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады және оң жақтағы рульмен басқарылатын көлік құралдарын заңсыз жолмен сол жақ бетке ауыстырылуға жол берілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052055-qazaqstanda-kolik-texpasporty-bar-zogyn-tekserudi-avtomattandyru-zosparlanyp-otyr/

pixel